Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » » Ғарифолла Есім книга
Информация к новости
  • Просмотров: 1 600
  • Автор: Admin
  • Дата: 10-05-2017, 11:57
10-05-2017, 11:57

Ғарифолла Есім книга

Категория: Менің өлкем / Өлкетану іс-шаралары

Ғарифолла Есім

 

        Үстіміздегі жылы 15 сәуірде жерлесіміз, Қазақстан Ұлттық ғылым академигі, белгілі ғалым – Ғарифолла Есім мерейлі – 70 жасқа толады.    

    Ғ. Есім 1970 жылы Семейдің педагогикалық иститутын үздік аяқтағаннан кейін еңбек жолын осы жоғары оқу орнында философия және саяси экономика кафедрасында ассистентіктен бастады. 1973 жылы Мәскеудің Ленин атындағы педагогиқалық иститутына стажер-зерттеуші лауазымына жіберіледі. С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіргеннен соң 1978 жылы кандидаттық, 1994 жылы «Абай дүниетанымындағы Алла мен адам проблемасы» тақырыбына докторлық диссертациясын табысты    қорғады.

1975 жылы философия доценті, 1995 жылы профессор ғылыми атақтарын алды. Осы жылы Қазақстан

Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 2003 жылы ҚР-ның Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.

         Казіргі уақытта философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ғ. Есім – Әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық университетінің философия ғылымдары бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы, 2001 жылдың желтоқсанынан жоғарыда аталған университеттің философия және политология факультетінің деканы.

        Академик Ғарифолла Есім өзінің мәдениет философиясы, саясат философиясы, философиялық антропология, дін мен теология, философия тарихы проблемалары бойынша көптеген ғылыми еңбектерімен тек Қазақстан Республикасының ғана емес, алыс және жақын шетелдердің ғылыми жұртшылығына кеңінен танымал.

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекті ғалым 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы, белгілі абайтанушы. Шәкәрім мен Иассаудің шығармашылығы мен мұраларын зерттеуші.

 

 

 Ғарифолла Есімнің тағы бір философиялық бағыты – философиялық прозаны меңгеруі. Оның бұл жанрда қаламынан бірқатар философиялық эсселер, новеллалар,әнгімелер туды.

Этникалық өркениет академик Ғ.Есім маңызды зерттеу объектісі болып табылады. Қазақ өркениеті ұғымын ғылыми айналымға тұнғыш еңгізген Ғарифолла Есім.

 

 

 

 

 

 

Философия ғылымдарының докторы, прфессор Ғ.Есімнің ғылыми жетекшілігімен философия мен политологиядан 10 докторлық және 27 кандидаттық диссертация қорғалды.

           Барлық лауазымдарды академик Ғ.Есім өзін мониторинг пен менеджементтің қазірғі заманғы тәсілдерін терең меңгерген дарынды, білікті басшы ретінде көрсете, таныта, мойындата білді.

           Ғарифолла Есім – Қазақстан Журналисттер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының, Республикалық Абай қоры сыйлығының, «КАТЕV» Халықаралық қорының Иассауи атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігінің «Қазақстан Республикасының  ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құрметті азаматы облысы  Абай ауданының Құрметті азаматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лебяжі аудандық кітапханасы төмендегі әдебиеттерді өз оқырмандарына ұсынады.

  1. Ғарифолла Есім. Хакім Абай, А.,1994:
  2. Ғарифолла Есім. Сана болмысы-Алматы: РИМП «Эксито-ПКП «Верена»,-1994-224с.
  3. Ғарифолла Есім. Санадағы таңбалар. А.,1994.
  4. Ғарифолла Есім. Адам-зат Философиялық әсселер мен новелалар,зерттеулер-Астана: Фолиат,2002.-312 бет.
  5. Ғарифолла Есім.Абай туралы философиялық трактат. Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 83 б.
  6. Гарифолла Есим. Философский трактат об Абае. – Алматы: «Қазақ университеті». 2004.-76 с.
  7. Ғарифолла Есім. Жар жағасы. – Алматы: «Санат», 2007. – 240 б.
  8. Гарифолла Есим.Наука совести. – Алматы: Раритет, 2008.-480 с. Серия «Шәкәрім әлемі».
  9. Гарифолла Есим.На краю бездны. – Астана: Елорда, 2009.-224 с.
  10. Ғарифолла Есім. Саяси философия. Акме-қоғам мәселері. – Астана: Елорда. 2009.-376 б.

 

Ақпараттық буклетті дайындаған

С.Вакацева тел: 21832

 

 

 

Лебяжі орталықтандырылған

кітапхана жүйесі

 

Академик

Ғ. Есімнің 70-жылдығына орай

 

 

«Аққудан шыққан тұңғыш академик»

 

Аққу ауылы

2017 жыл

 

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.