Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Конституцияның 20 жылдығына орай
Информация к новости
  • Просмотров: 0
  • Автор: Admin
  • Дата: 12-01-2017, 10:29
12-01-2017, 10:29

Конституцияның 20 жылдығына орай

Категория: новости

Конституциямыз – қабылданған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған көп этносты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Қазақтың ұлан–байтақ даласының кеңдігін де, елінің ерлігі мен өрлігін де бойына сыйғызған, Тәуелсіз елдің мызғымас тұғырына айналған Ата Заң еліміздің киелі кітабы іспетті. Халықтың жүрегінен шыққан, заман сынына қапысыз төтеп берген мемлекетіміздің темірқазығы. Қазақ мемлекетінің дамылсыз дамуына үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, бастау бұлағы. Биыл Конституцияның 20 жыл толуына орай Лебяжі аудандық кітапхананың оқу залында «Біздің еліміздің басты заңы – Ата Заң» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш Қазақстан Республикасының  мемлекетік әнұранымен басталып,
 Мұрат А., Аубакирова Д., Калиева А., Жеңісбек А. орындауында «Жаса Қазақстан», «Қазақстан» әндерімен жалғасты. Шакенов Әсеттің орындауында «Құрманғазы», «Мереке» күйлері шырқалды. Ата Заңға арналған өлендері оқылып, шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысуымен «Ата заң -сілтеген айқын жол» атты викториналық сұрақтар қойылып, оқырман қауымы толық жауаптар берді. Конституцияның 20 жылдығына орай аудандық кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Ардың шыңы – Ата Заң» атты кітаптар көрмесіне мерзімді басылымдар және соңғы шыққан жаңа кітаптар Ө.Қопабаевтың  «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы», С.Ынтымақовтың «Отбасы құқығы», Е. Абиль «История государства и права»,  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», Д.Жампейсовтің «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» және тағы басқа кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.