Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Мүқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай Ғасыр ақыны Мұқағали
Информация к новости
  • Просмотров: 640
  • Автор: Admin
  • Дата: 12-01-2017, 10:48
12-01-2017, 10:48

Мүқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай Ғасыр ақыны Мұқағали

Категория: новости

Биыл халқымыздың біртуар перзенті, ақиық ақын Мұқағали   Мақатаевтың туғанына 85 жыл. Осы орайда ақынды еске алу, шығармашылығын дәріптеу мақсатында арнап Шарбақты ауылдық кітапханасында «Ғасыр ақыны- Мұқағали» атты әдеби сазды кеш өтті.

Шара барысында ақынның өмірінен шағын мағлұмат алу, өлеңдерімен таныстыры, поэзияның қыры мен сырын түсіндіру және ақын ағамыздың халыққа тигізген жақсылығын есте сақтау, поэзиялық жырларынан рухани нәр алу.

Көрнекіліктер: Ақынның суреті, канатты сөздері, кітап көрмесі «Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына- 85 жыл», интерактивті тақтада видео роликтер көрсетілді «Менің туған күнім», «Есіне мені алғайсын», «Фариза», «Аққулар ұйықтағанда», «Фаризаның Мұқағалиға жазғаны».

Сондай- ақ, жиналған қауым ақын Мұқағали Мақатаевтың тәлімі мол өлеңдері мен әндерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Әдеби кеш аясында кітапханашы Гүлнәр Қалелқызы мен ауылдық клуб меңгерушісі Махаббат Өміртайқызы, көрермендер арасында аталмыш тақырыпты арқау етіп, кеш көркін келтірді.

Мұқағали өмір сырын жырлаған,

Жүрегінің айтқанын тек тындаған.

                                          Өлеңдері құдірет қой,құдірет,

                                          Табыла ма сүймейтұғын бір адам,- деп Мұхтабай Айгерім өз сөзін бастады. Алғашқы өлеңдерінің бірі «Біздің жақтың өңірі» мәнерлеп оқылды.

         Ақын өленінің жақсылығын халқының қажетіне, рухани азығына айналған құндылығын, зейнеткер Қошқарова Бақыт апамыз «Менің ғасырым» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді және Илдебаева Мариям апамыз «Үш бақыттым» атты өлеңін оқыды.

         Мұқағали Мақатаев өзінің бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұлтына ұлан-ғайыр мұра қалдырып кетті. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат та, құнды. Ол – қазақ халқының Фарабиден, Абайға, Абайдан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі.

         Ардагерлер кеңесінін төрағасы Садвокасов Даулетхан Сатемірұлы, жылы лебізін айтып, бүгінгі жастар біліп өссе, қазақ жыры ешқашан ортаймайды.

         Кеш соңында ақыннын «Бақыт» деген әнін Мұхтабай Айгерим мен Ахметсапина Айдана шырқады.

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.