Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» @100janaesim2021 жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлайды.
⠀
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.
⠀
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарық көріп, биыл да жалғасын тапты.
⠀
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтқандай:
«Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. Жақсыдан үйрен деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген».
⠀
Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады.
Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.
⠀
Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы.
⠀
Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді.
⠀
Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады.Алдағы бірер айда біз Отанымыздың халық ризашылығына лайықты және Егемен еліміздің жаңа келбеті атанатын есімдермен таныс боламыз.
Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан объявляет о начале приема заявок в проект «100 новых лиц Казахстана - 2021». @100janaesim2021
⠀
Прием заявок состоится с 22 февраля до 15 марта 2021 года на сайте 100janaesim.ruh.kz.
⠀
Проект «100 новых лиц Казахстана» – это истории конкретных людей из разных регионов, разных возрастов и национальностей, которые добились успеха за стремительные годы Независимости. Инициатором проекта в 2017 году стал Елбасы Н. Назарбаев и в этом году проект получит продолжение, мы узнаем новые имена нашей Родины, достойные внимания.
⠀
Как отметила Министр информации и общественного развития Аида Балаева: «В этом году проект проходит под эгидой 30-летия Независимости, и народ по достоинству должен оценить труд участников, многие из которых сложились как личности уже в независимом Казахстане».
⠀
Принять участие в проекте могут казахстанцы, проживающие как в стране, так и за ее пределами.
Прием заявок участников проходит по 7 номинациям: медицина, образование, наука и инновации, экология, культура и спорт, бизнес, общество.
⠀
Для участия претендентам необходимо заполнить анкету на сайте 100janaesim.ruh.kz. Участник обязуется предоставить достоверную информацию. В случае выявления правонарушений либо иных фальсификаций, в том числе и накрутки голосов во время онлайн-голосования, организаторы оставляют за собой право исключить участника из проекта.
⠀
Все заявки проходят модерацию, затем публикуются на сайте. После окончания приема заявок стартует общенародное онлайн-голосование. Часть победителей будет отобрана членами жюри, состоящим из видных общественных деятелей, представителей культуры, спорта и предпринимателей. В этом году среди членов жюри также победители проекта прошлых лет, добившиеся значительных успехов.
⠀
Победителями проекта станут участники, набравшие наибольшее количество баллов во время голосования и отобранные авторитетным жюри.
Уже в апреле мы узнаем имена победителей проекта, которые станут новыми лицами страны.