Майқарағай ауылының кітапханасында даярлық тобының балаларын кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Кітапханаға саяхат” атты саяхат сабақ жүргізілді.
Балалар кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет алды. Кітапханада ұйымдастырылған неше түрлі кітап көрмелерімен танысты. Кішкентай оқырмандарға оқуға қазақ, орыс жазушыларының шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, ертегі кітаптар тізімі ұсынылды.