Құрметті оқырмандар сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. Осы күнге орай Қарақала ауылдық кітапханашы оқырмандар назарына "Әлемге мейірімділік көзімен қара" атты тақпақтар шеруін ұсынады.