Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » 1 наурыз Алғыс айту күніне орай
Информация к новости
  • Просмотров: 545
  • Автор: Admin
  • Дата: 12-01-2017, 10:48
12-01-2017, 10:48

1 наурыз Алғыс айту күніне орай

Категория: новости

Көктемнің алғашқы күнімен бірге шуақ шашып, жүректерге мейірім мен ілтипат ұялата жеткен қазақ халқына деген терең тағзымды білдіретін Алғыс айту күні ауданымызда «Достық, Татулық, Келісім» атты  тақырыпта аталып өтілді.

Лебяжі аудандық орталық кітапханасында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымова  барша аудан тұрғындарын айтулы Алғыс білдіру күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығын тілге тиек етті. Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күніне өзге және өз ұлтымыздың көне көз карт аталары мен аналары да жиналды.

Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күніне орай мұсылман әйелдер Лигасының аудандық филиалы мүшелері  арнайы адамгершілік қағидаларын тоғыстырған қойылымды көрермен назарына  ұсынды.

Бұл ортақ отандастарымызды бұрынғыдан да гөрі жақындастырып, мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатын одан әрі арттыра түсетін айрықша мереке.

 

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.