Шәмші ауылдық кітапханасында "Кешкі кітапхана" жобасы аясында "Көрегендік бабамнан қалған" қыз-келіншектер кездесуі өтті. Отырыста қазақы оюлардың қолданыс аясы, жасалу әдісі мен ерекшеліктері қаралды. Жаңа технологиялық пішу жолдары да көрсетілді. Соңынан жаңа оқырман кітапханаға тіркеліп, жиналғандар таңдаған кітаптарымен тарасты.