Маусым айының 28 күні Әйтей ауылдық кітапханасында «Қазағымның киесі сен –домбыра!» атты таңымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақ биыл алғашқы рет тойланып отырған домбыра күніне арналды. ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаев әр жылдық шілде айының бірінші жексенбісі домбыра күні деп жариялаған болатын. Сабаққа Ленин мектебінің жаныңдағы жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиешілері Касенбаева А, Кумарова А. мен оқушылар қатысты. Шара барысында кітапханашы оқушыларға қасиетті домбыра туралы айтылып, «Домбыра» атты слайд шолу көрсетілді. Слайд шолуда домбыраның құрылымы, домбыраның түрлері, неден жасалып, қалай сақтау керек екені мен қатар атақты күйші ата- апаларымыздың Д. Нұрпейісова, А.Құнанбаев, А.Жұбанов, Ж.Елебеков, М.Өтемісұлы, Ә.Қашаубаев, Біржан Салдың киелі домбыралары көрсетілді. Музыка пәнінің мұғалімі Кумарова А. домбырада ән шырқап күй ойнап берді. Келесі кезекте оқушылардың назарына «Домбыра аспабы» тақырыбында баяндама оқылды. Бұл баяндамада сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен таралған , нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы домбыра туралы айтылды.
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған шілде айының 4 күні «Астана болашақ мекені», - атты әңгіме сабақ өткізілді. Бұл әңгіме сабағына 3-5 сынып оқушылары мен тәрбиешілер қатысты. Оқушыларға арналған бұл сабақ еліміздің әнұранымен дастау алып, еліміздің Астана қаласының құрылуы мен дамуы туралы айтылып, тарихи слайд шолу көрсетілді. Әңгіме сағатына қатысқан тәрбиешілер өздерінің Астана қаласы туралы деректері мен бөлісіп, балаларға дайындап әкелген шағын викторинасын өткізді. Сабақ қызықты әрі тартысты өтті. Өйткені балалар білген білімдері мен қатар, сабақтан алған әсерімен, пікірлерімен бөлісті.