Қызылқоғам ауылдық кітапханасы назарларыңызға: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында. Бір ел, бір кітап акциясы аясында Сауле Досжанның "Қасырет пен тағдыр" атты онлайн дөңгелек үстел ұсынады. Қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның қаламынан туған шығармалары кез келген жанға ой салады. Оның әрбір шығармасы адамдықтың алтын діңгегі- адамгершілік екенін насихаттайды.
Оқырманға ұсынылып отырған «Қасірет пен тағдыр» романы да халқымыздың басына қайғы салған Семей полигоны мен одан келген зардап пен зауал жайлы. Полигон зардабын тартқан қасіретті Ананың зарын, оған қарсы шыққан қайсар Ананың өр рухын бейнелейді.
Роман көркем, әдеби тілмен жазылған әрі нақты деректерге құрылған.