Аудандық кітапхана Қапан Қамбарұлының 100 жылдығына орай "Көркем сөз шебері" атты ақпарат сағат ұсынады.
Қапан Қамбарұлы (1921-2005) Түркістан облысы, Түркістан ауданының Қандөз аулында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдерінің бірі аудандық "Қызыл Түркістан" газетінде жарық көрді. Ұлы Отан соғысының ардагері
атқарған.Қазақ университетінің журналистика факультетінде жиырма жылға жуық дәріс оқыды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысты. «Түпнұсқа және аударма» деген кітап жазып, кандидаттық диссертация (1969) қорғады. Докторлық диссертациясы «Ерлік эпосы» деген атпен 1979 жылы «Жазушы» атқарған.Қазақ университетінің журналистика факультетінде жиырма жылға жуық дәріс оқыды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысты. «Жорық жырлары», «Өшпес жалын» ғылыми-зерттеу еңбектері кітап болып баспадан жеке монография болып жарық көрді. Отыз шақты кітаптың авторы. «Қанды жылдар» дилогиясы — «Ашыну» (1987) мен «Жаза» (1991) «Жазушы» баспасынан шықты. «Ақадырдың ақ шағаласы» (1982), «Махаббаттың тұрағы» (1994), Қаракөзайым (1996), « Меңсұлу» (1997), «Сейітқасымның жұлдызы» (1997), «Екі арудың махаббаты» («Махаббат кітабы» атты романдары топтамасында, 2003) «Көксеңгір», «Ақ қайың», «Ертісте», «Алтай аясында», «Тау-дағы қала», «Ақ жалын», «Туған жер» атты повестері жарық көрді. «Әзірет Сұлтан» атты деректі роман-хамсасы үш том болып басылды.
Майдангер - жазушы Қапан Қамбарұлының"Жаза" романы "Жазушы" баспасынан 1987 жылы жарық көрген "Ашыну" романның жалғасы диалогияның екінші кітабы болып, табылады. Бірінші кітаптың негізгі кейіпкерлері екінші кітаптың ән бойында, Панфилов дивизиясының құрамында Москва үшін шайқасады. "Жаза" романында генерал Панфиловтың қолбасшылық, адамгершілік тұлға - бейнесі жасалады ол басқарған құраманың фашизммен арпалыстағы өшпес ерлігі суреттеледі.