Жамбыл ауылының Мәдениет қызметкерлері және "Жалын" жастар нұсқаушысының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне арналған үстел теннисі ойынынан жарыс өтті. Дүбірлі додаға ауылымыздың жастары мен ұстаздары ат салысты. Алдымен ауылдық округінің бас маманы Шайхимова Сауле Балтабекқызы сөз алып, мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Үстел теннис сайысы қызықты да тартысты болды. Жарысқа 5 жұп қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызуғышылығын көрсете білді. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Қабыкенов Тұрар ие болса, екінші орын Мухамаденов Мади Самалбекұлы, үшінші орын Мұхтар Райымбек женіп алды.
Жарыс жеңімпаздарына грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.