Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » “Жас Time - Время молодых
Информация к новости
  • Просмотров: 137
  • Автор: Admin
  • Дата: 26-05-2023, 17:02
26-05-2023, 17:02

“Жас Time - Время молодых

Категория: новости

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жоспарына сәйкес ОКЖ күніне орай Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі “Жас Time - Время молодых. Аққулының жаңа тынысы” жобасын таныстырды. Осыған дейін жоспарға сәйкес өзге аудандар өз жобаларымен облыстық кітапхана оқырмандарын таныстырған болатын. Өлкетану мен оқитын ұлт бағытындағы жобалары көрермендерге жол тартса, біздің Аққулы ауданының ОКЖ жастарды қолдау мақсатында, талантты, белсенді жастарымызды қонақ ретінде шақырып жастарымызды қолдайтынымызды көрсету. Іс-шараның қадірлі қонақтары ауданымыздың тумасы әнші, педагог, ЮНЕСКО мүшесі Процкая Наталья, кітапханашы Гульбану Мурсалимова, талантты суретшіміз Даулет Хасенов, оратор, 31-арнаның тілшісі, жайдарманшы Құдайберген Бердімұрат, Павлодар облыстық “Сарыарқа самалы” газетінің фотожурналисті Есенжол Исабек.
Жоба презентациясының авторы мен модераторы Айзада Жумадилова. Сондай-ақ кеш барысында “Жастар Live- ElZhastary” кітабы жобасының презентациясы болды. Жастарымыз туралы кітап шығару идеясын ұсынушы Табулова Дарико Абакқызы. Мәліметтер мен ақпараттарды жинақтау жұмысымен Аққулы ауданының ОКЖ кітапханашылары айналысты. Кітапті көркемдеуші дизайнер Жарқын Омаров. Мәтіндегі ақпараттарды түзетуші және пилоттық кітапты шығарушы Мөлдір Билялова. Кітапхана ұжымының басты мақсаты жыл аяғына дейін кітапты толықтырып, өндеп типографияға жіберу.

https://www.instagram.com/reel/Csq7SxFtRJG/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.