Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» атты семинар өтті
Информация к новости
  • Просмотров: 0
  • Автор: Admin
  • Дата: 12-01-2017, 10:30
12-01-2017, 10:30

Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» атты семинар өтті

Категория: новости

Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын қайта пайымдап, өскелең қауымымыздың өмірлік құндылығына, мәңгілік қазынасы- рухани нәр көзіне айналдырып, жаңа қоғамдық сананы, мәдени ортаны қалыптастыру да өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан кітапханалардың бүгінгі тыныс тіршілігінде толымды ой туғызатын игілікті шаралар,  жаңа ғасырға жан-жақты білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу жолында жұмыс жүргізу, ауылдық  кітапханалардың кітапханашыларға баса назар аударылады, кітапхана саласының өсіп-өркендеуіне, жаңаша қалыптасуына айырықша көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберлігін шыңдау үшін аудандық кітапхананың оқу залында «Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» атты семинар өтті. Лебяжі орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Табұлова Д.А. семинарды ашып, барлық кітапхана ұжымын келер мерекемен құттықтады. Семинар барысында әдіскер Мусаева К.М. ауылдық кітапханалардың 2015 жылдық есебінің формалары және 2016 жылдың жоспары жөнінде баяндады. Кітап қорының жаңаруы, ескірген кітаптарды шығынға жазылуы туралы кітаптарды іріктеу бөлімінің аға кітапханашысы Олжибаева А.Г. түсіндіріп өтті. «Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың сана сезімін қалыптастыру» атты тақырыпты балалар кітапханасының аға  кітапханашысы Апсаликова З.З. толығымен ашып, ауыл кітапханашылармен  балалар кітапханасымен таныстырып, саяхат жүргізіп көрсетті. «Жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеуде кітапханадағы  жұмыстардың маңыздылығы жөнінде»  абонемент бөлімінің аға кітапханашысы Амренова М.Н. баяндады, аудандық кітапхананың  библиографы Канафина А.С. кітапханалық РАБИС бағдарламасы жөнінде қойылған сұрақтарға толық жауап беріп өтті. Төсағаш және Баймолдин ауылдық кітапханаларында жыл басынан балалармен жасалған жұмысы жөнінде «Киелі жер – шежірелі мекен» атты тақырыбына Жумадилова А.К. және Баймолдин  ауылдық кітапханасының  кітапханашысы Карасева Л.И. «Под единым крылом» атты тақырыптарға баяндамаларын оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда кітапханашылардың білім деңгейлерін тексеру  үшін «Кітап теңізіндегі компас» атты ғылыми танымдық викторина сұрақтары беріліп,  карточкалармен практикалық жұмыс жүргізілді. Сондай ақ, «2016 жылы Павлодар облысында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізімі» және  «Ауылдық кітапханалардың 2015 жылдық есебінің формалары злектронды және қағаз түрінде методикалық материалдар таратылды.

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.