Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Аққулы аудандық кітапханасында «Тіл – достық көпірі» атты дөңгелек үстел және Quiz өткізілді.
Информация к новости
  • Просмотров: 496
  • Автор: Admin
  • Дата: 5-09-2023, 10:23
5-09-2023, 10:23

Аққулы аудандық кітапханасында «Тіл – достық көпірі» атты дөңгелек үстел және Quiz өткізілді.

Категория: новости

 Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, тілдер күнің Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толерантты тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Бұл күн - “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бұл айтулы мерекеге орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Тіл – достық көпірі» атты дөңгелек үстел және Quiz өткізілді. Іс-шараға қатысушыларға ақпараттық сағат ұсынылып соңы мақал-мәтелді жалғастыру, сұрақтарға жауап беру және ребус шешу сынды миға шабуылмен аяқталды. Ал оқу залында бүгінгі мерейтой иесі Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі құрастырылды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, туралы қонақтарға ақпарат берілді.

 

 

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.