Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Бір ел - бір кітап
Информация к новости
  • Просмотров: 247
  • Автор: Admin
  • Дата: 28-04-2020, 10:21
28-04-2020, 10:21

Бір ел - бір кітап

Категория: новости

Қызылқоғам ауылдық кітапханасы назарларыңызға "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша хронологиялық онлайн шолуды ұсынады.
Бір ел - бір кітап акциясы елімізде 2007 жылы бастау алған. Қазақстандық "Бір ел - бір кітап" жобасының идеясы АҚШ -та өте танымал болған "Бір кітап - бір Чикаго" атты бүкіл тұрғындар бір кітапті оқыса деген кітапханалық жобаларына негізделген. Бүгінде бұл жобаның идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең таралған.
Биылғы жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акция бойынша 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман - эпопеясы және Шығыстың ғұламасы Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы атты романы таңдалды. 1. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман - эпопеясы қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Төрт томдық романның әр кітабынің құрылымы мен стилінің бірін - бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді.
Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе. Екінші кітабы ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады.
Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса. Төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға таралуын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.
2. Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романы орта ғасырда өмір сүрген Ұлы ғалым әл - Фарабидің тарихи бейнесін бейнелеген.

                                 

 
шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.