1-Наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Аққулы аудандық кітапханасында төтенше жағдайлар бөлімі, 26 өрт сөндіруші бөлімімен бірлесе «1-наурыз Дүниежұзілік Азаматтық қорғаныс» атты кездесу сағат өткізілді. Шара екі бөлімінен тұрды. Бірінше бөлімі аудандық кітапханада ашылды. Кеш барасында аудандық кітапханашылар мерекеге орай кіріспе сөз айтып , бейне ролик ұсынды. Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау инженер А.А. Даиров баяндама жасады және аға инженер Ерден Бауыржанұлы Арынғалин өзі өмірбаянымен таныстырып , құтқарушының жұмысы туралы айтып берді. Оқушылар қызықты сұрақтарды қойды. Шараның 2-ші бөлмесі өз жалғасын №26 өрт сөндіру бөлімінде тапты. «Ашық есік» шарасының қатысушылар өрт сөндіруші киімін, құтқару құралдарын, өрт сөндіру техникасымен таныстырылды. Осы шараға алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нургамитов С.К. және 10- сынып оқушылар қатысты.