Тлектес ауылында ауылдық клуб меңгерушісі мен ауылдық кітапхана кітапханашысының бастамасымен Алғыс күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Тлектес мектебінің жоғары буын оқушылары ауыл тұрғыны, құрметті ақсақалы Аубакиров Ризолланың үйіне қол ұшын беру мақсатында қар күреуге барды. Ризолла ата оқушылардың осындай игі ісіне ризашылығын білдіріп, өз батасын берді. Ал біз өз атымыздан осындай ұл балаларды тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтамыз