13-ші наурыз күні Черное ауылдық кітапханасында COWORKING - орталығында кітапханашы оқушыларға арнап "Кітап біздің досымыз" атты кітап көрмесін ұйымдастырып өткізді. Кітапханашы балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, кітап -сарқылмас рухани қазына, оның адам өміріне тигізер пайдасы орасан зор екендігі жайлы айтып өтті. Көрме соңында балалар өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, көріп тамашалады.