Бүгін Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы және 30-тамыз Конституция күніне орай Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы және қызметкерлері, сонымен қатар Аққулы ауданының құрметті азаматы М.А. Смагуловтың қатысуымен "Азат елдің әр-намысы - Ата Заң" атты дөңгелек үстел өтті. Іс - шара барысында тәуелсіздік пен конституция тарихында шолу жасап, видеоролик көрсетілді. Ал Мұратбек Абуұлы өз кезегінде аудан тарихынан сыр шертті.