Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » Ер есімі - ел есінде
Информация к новости
  • Просмотров: 727
  • Автор: Admin
  • Дата: 8-05-2020, 11:23
8-05-2020, 11:23

Ер есімі - ел есінде

Категория: новости

Қызылқоғам ауылдық кітапханасы назарларыңызға Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай: "Ер есімі - ел есінде" атты вертуалды онлайн экскурсияны ұсынады. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы - қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата - анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша. Біз де ауылымыздың ардагерлерін еске алып, мақтан тұтамыз.

 

                             

 

шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.