Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Осыған орай Тлектес ауылдық кітапханасында жоғарғы буын оқушылардың қатысуымен "Тәуелсіздік жетістіктері" атты танымдық сағат өткізілді. Іс - шара барысында оқушылар өздерінің дайындаған материалдарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.