Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.Қазақ Ыбырай Алтынсаринді ағартушы–педагог, ақын, жазушы, этнограф ретінде таниды. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан адам ретінде біледі. Ыбырай Алтынсаринның 180жылдық мерейтойына орай Тлектес ауылдық кітапханасы өз оқырмандарына "Білімді қолжетімді етуге ұмтылған жазушы" атты тәрбие сағатын ұсынады