Шәмші ауылдық кітапханасында "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты әдеби - сазды кеш өтті. Шарада " Тәуелсіз ел - ұранымыз" әні орындалып, оқырмандар тақырыпқа сай тақпақтар, өлеңдер оқыды.
ҚАЗАҚСТАНЫМ
Қазақстаным,
Тәуелсіз Қазақстаным!
Ақ қанат таңның көрдім ұшқанын.
Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,
Алатау, Алтай, Қаратау - айбындарыңды.
Ұлытауыңдың көрдім мен,
Шыңғыстауыңды,
Абайдың жыры оқылған мың қыстауыңды.
Гүлденді қазір кең далам иесі болмаған,
Жамбылдың қызыл жолбарыс киесі қолдаған.
Махамбет сөзі лаулаған
Қараойды көрдім,
Мағжан боп өзі қаулаған
дара ойды көрдім.
Мұстафа, Халел, Жақып пен
Әлімхандардың,
Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек,
Әлихандардың...
Бауырыңа қайта оралды
өз арыстандарың,
Қазақстаным,
Тәуелсіз Қазақстаным!..