Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Роза Бағлановаға биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылқоғам ауылдық кітапханасы "Қазақтың бұлбұлы" атты музыкалық сағат өткізді. Әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында теміржолшылар отбасында дүниеге келген.
1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарса аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды.