Шабар ауылдық кітапханасы "Артық болмас білгенің"атты танымдық сағат өткізді
Оқырман қауымға қазақ мәдениеті мен өркениетін кеңінен таратып,ұлттық құндылығымыздарын дәріптеу мақсатында "Атқа міну мәдениеті"жайлы ақпарат берілді.Іс -шараға Шабар ауыл клубының әдіскері,оқушылар қатысты
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.