Майқарағай ауылдық кітапханашысы “Досыма мың алғыс” атты тренинг өткізді.
3-4сынып оқушыларына дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайтты. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа үйретті. Сонымен қатар Мәдениет клубының меңгерушісімен бірлесіп “Әжелер” клубымен “Алғыс айту-парызым!” атты дөңгелек үстел өткізді. Оқырмандарымыздың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайтты.