Тлектес ауылдық кітапханашысы және клуб әдіскері бірлесіп "Аяулы жас келін" атты келіндер сайысын өткізді. Байқаудың мақсаты - қазақ мәдениетін қайтадан жаңғырту, қоғамда отбасы мен некенің маңыздылығын қалыптастыру. Отбасы тірегі - әйел-аналарымыздың рөлі мен міндеттерін айшықтап, ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміздің құндылықтарын оралту.
Сайыс шарттары өзін-өзі таныстыру, өнерге бейімділігі, білім деңгейін анықтау, қазақ келініне тән нәзік те қастерлі ұстанымдарды сақтай білуін, саралауға арналған ситуациялық сұрақтарға жауап беруге құрылды.Жас келіндер өздерінің сүйкімділігімен, әдептілігімен, өнерлілігімен, сан қырлы қасиетті бір бойына жинақтаған дарын ерекшелігімен көзге түсті.Сайыс соңында қатысқан келіншектерге I, II, III дәрежелі грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.