Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Осыған орай Черное ауылдық кітапханасында кітапханашы оқырмандарға арнап "Армысың - әз наурыз" атты кітап көрме ұйымдастырды. Кітап көрмеге тақырыпқа сай кітаптар қойылды. Оқырмандарға наурыз жайлы мәліметтер айтылды. Оқырмандар көрмеге қойылған кітаптарды қызыға тамашалады.