Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Осыған орай Черное ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындары бірігіп, 4 ауыл болып "Қош келдің әз наурыз" атты үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді. Әр ауыл өзінің ұлттық салт дәстүрлерін көрсетті, әр дастарханда бата сайысы, науырыз көже сайысы, өнер сайысы,самуыр қайнату сайысы өткізілді. Биылғы 2022 жыл балалар жылы болғандықтан балаларға арнап "Наурыз кәде" таратылды. Әр ауылға номинация бойынша марапаттар мен сыйлықтар берілді.