Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген "Қазақстандағы балалар жылы" аясында Малыбай ауылдық клубында, ауылдық кітапханашысы мен клуб әдіскерінің ұйымдастыруымен "Көңілді спорттық ойын" атты Іс-шара өтті. Балалар да, олардың аналары да қатысты. Барлығы төрт команда болды. Іс-шараның бағдарламасы өте мазмұнды болды. Командаларға жүгіру, секіру, доптармен эстафеталар, арқан тарту сияқты қызықты сайыстар ұсынылды. "Көңілді старттардың" барлық кезеңдері қызу тартыста өтті. Қатысушылар мәреге бірінші болып жету үшін бар күштерін салды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар грамоталар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.