Адам қашанда өзін қоршаған дүниенің қыр-сыры мен құпия қалтарыстарын танып-білуге ұмтылады. Әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың сырын ашуға талпыну әсіресе жан-жақты болуға деген ынта-жігері мол жас жеткіншектерге тән қасиет. Осы орайда білімқұмар балалардың тілегін қанағаттандыру мақсатымен Жамбыл ауылдық кітапхана "1100 қызықты дерек " атты топтама ұсынып отыр. Сан саланы қамтитын бұл топтама жас жеткіншектердің көңілінен шығып, көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз.