Майқарағай ауылдық округінде ағымдағы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялағанына орай Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жас дарындылар мен өнерлі жас орындаушыларды анықтау мақсатында «Әнші балапан» балалар шығармашылығының байқауы өткізілді.
Аталмыш байқауда қазылар алқасы қорытындысы бойынша 2 сынып оқушылары Бикеева Адина, Бихиянова Малика, 3 сынып оқушысы Табылды Ахмади және “Асыл” би тобы өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, аудандық Гала концертке жолдама алды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Байқау аяқталғаннан кейін балаларға арнайы мерекелік дастархан жайылды.