Майқарағай ауылының кітапханашысы 1 мамыр Бірлік күні мерекесіне орай “Ынтымағы жарасқан Қазақстан” атты тәрбие сағатын өткізді.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды