Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Сол себепті 1мамыр-халқымыздың бірлігі күні деп есептеледі. Осыған орай Тлектес ауылдық кітапханасында "Достық әнін шырқайық" атты іс-шара өткізілді.Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы дей отырып, қатысушылар әр ұлттың салт-дәстүрлерімен таныстырып, өз өнерлерін көрсетті.