4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Малыбай ауылдық кітапханасында "Елімнің рәміздері" атты патриоттық сағат болып өтті. Іс-шара ҚР Әнұранның орындалуымен басталды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздер туралы толық мәлімет алды және рәміздер туралы өлеңдер мәнерлеп оқылды. Атаулы күнге орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.