Шабар ауылдық кітапханасында "Абай дана,Абай дара.." атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.
А. Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді.