Биыл біздің Қазақстанда «Бір ел - бір кітап» акциясы қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз –Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары жыл бойы оқылатын болды.
Лебяжі аудандық кітапханада «Жыр сұлтаны» атты әдеби кеш өтті. Мерекелік шара барысында кітапханашы Сұлтанмахмұт ақынның өмірбаяны айтылып ақын өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып өтті. Лебяжі орта мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Оқу залында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты кітап көрме ұсынылды.