Аудандық орталық кітапхана Н. Назарбаевтың мақаласын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында ауданымыздың мақтанышы, жерлесіміз, күйші Рүстембек Омаровқа арнап «Кең даланың күйшісі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығын қауымға кітапханашы таныстырып шықты. Рүстембек Омаров қазақ халқының күй мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жете меңгерген. Репертуарында Құрманғазының «Қайран шешім», «Машина», Тәттімбеттің «Сарыжайлау», Мәменнің «Сәнәу», Динаның « Той бастары» т.б. көптеген күйлер бар.
Кітапханашы Темешева Ж. кітап көрмесінде ұсынған Р. Омаров туралы әдебиеттермен таныстырды.