1 желтоқсан 2022 жылы Шақа ауылдық кітапханасы
"7 шелпек туралы аңыз" атты бейне түсірілім дайындады.
Бейне түсірілім кітапхананың ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында ашылған "Ұлы дала қазынасы" атты жобаның аясында дайындалды.
Қазақ әлімсақтан дүниеге келген баласына ұлттық құндылық пен салт-дәстүрді үйреткен. Сондықтан елде қаншалықты алмағайып заман болса да, дәстүрлеріміз жоғалып кетпеді. Әлі күнге дейін дәуірден дәуірге өтіп, ұрпақ санасында сайрап тұр. Ал ел жадында жатталмаған жоралғылар «Елу жылда ел жаңа» дегендей, уақыт талабына сай жаңғыруда.