Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!
» » 2021жылдың 2-қаңтар күні Медеу Сапаұлы Сәрсеке 85 жасқа толып отыр
Информация к новости
  • Просмотров: 346
  • Автор: Admin
  • Дата: 19-01-2021, 16:07
19-01-2021, 16:07

2021жылдың 2-қаңтар күні Медеу Сапаұлы Сәрсеке 85 жасқа толып отыр

Категория: новости

2021жылдың 2-қаңтар күні Медеу Сапаұлы Сәрсеке 85 жасқа толып отыр. Жазушы
ШҚО қарасты бұрынғы Абыралы ауд. Қайнар кентінде 1936 жылы туған. Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, инженер-металлург мамандығын 1958 ж. иеленген. «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке шақырылып, 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. 1959-64 жж. – Семей цемент зауытында ауысым мастері, зауыт диспетчері, өндіріс-техника бөлімінің аға инженері. Ғылыми-фантастикалық жанрда толғаған алғашқы екі кітабы бойынша 1962 ж. КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. 1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1986 ж. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Құрмет қағазымен, 2001 ж. ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталды. Республикаға еңбегі сіңген зейнеткер. Семей қаласы мен Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы» және «Павлодар облысына еңбегі сіңген қайраткер» атақтарына ие. Серікбаев атындағы ШҚ техникалық және Құдайбердиев атындағы Семей университетінің «Құрметті профессоры», ҚР-ның «Құрметті кеншісі» және Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі». ҚР Ақпарат және Қоғамдық тарих академияларының толық мүшесі.

 

                               

 
шаблоны для dle 11.2
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.