"Уақыт талабы - дәуір шарты" атты кітап көрмесі Шәмші ауылдық кітапханасының 2021 жылғы жұмыс бағытының бастауы. Көрмеде Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі жетістіктері мен қалыптасу кезеңіндегі жолдары жөнінде мәлімет беретін кітаптар, сонымен қатар болашақта енгізілетін латын әліпбиімен таныстыратын жаднамалар қойылды.