Шәмші ауылдық кітапханасында "Туған жер - сенің тірегің" кітап көрмесі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жинақталды. "Қасиетті Қазақстан" энциклопедиясының 4-томы Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының қасиетті орындары жөнінде мәліметтер берсе, "Ертіс-Павлодар өңірі", "Павлодар облысы жер жаннаты" кітап-альбомдары сан алуан фотосуреттерден сыр шертеді де, Балтабай Ғалияның "Тұғыры биік тұлғалар" туындысы ерен еңбекпен көріне білген азаматтарға арналған.
Көрме барша оқырман үшін жасалды.