Главная > новости > Шабар ауылдық кітапханасы балалар арасында "Сөз мерген "атты мақалайтыспақ өткізді.
Шабар ауылдық кітапханасы балалар арасында "Сөз мерген "атты мақалайтыспақ өткізді.21-02-2023, 16:53. Разместил: Admin |
Мақал-мәтелдер – халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы саналатыны белгілі. Өйткені мақал-мәтелде халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы, философиясы, өзге де мәселелер кеңінен көрініс табады. Мақал-мәтелдер қашанда белгілі бір ойды жеткізеді, әлдебір нәрселерден сақтандырады, бір сөзбен айтқанда, адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі өміріне азық болатын даналық ғибратындай жол көрсетіп тұрады. Мақал-мәтелді біліп өскен, соның мәйегін жастайынан құлағына құйып өскен бала өсе келе алды-артын ойлауға машықтанып, дұрыс шешім қабылдауға, қиындықты еңсеруге дағдыланады.
Шабар ауылдық кітапханасы балалар арасында "Сөз мерген "атты мақалайтыспақ өткізді. Іс -шара барысында балалар екі топқа бөлініп, мақал - мәтелдің мағынасын суреттер бойынша табу, бір - біріне мақалдап айтып, жауап беру, мақал мәтелдерді қимылмен айту арқылы іс - шара сайыс ретінде өтті.
Вернуться назад |