Главная > новости > "Қасиетті Мерғалым-ата"

"Қасиетті Мерғалым-ата"


26-08-2021, 12:01. Разместил: Admin
Майкарагай ауылының кітапханашысы сіздердің назарларыңызға 2020-2021 жылдарға арналған "Қасиетті Мерғалым-ата" атты мұражайға онлайн саяхат ұсынады. Материал "ЕRTIS" телеарнасының репортажынан алынды...
Сынықшы , қасиетті Мерғалым ата Қорт ауылында ( қазіргі Мерғалым ауылы) 1935 жылы тамыз айында Мұхтарихан мен Рабиғаның отбасында дүниеге келген. Әкесінің әжесі Айша апа желек астында сынық салған шипагер, емші болған. Сол кісінің сынықшылық қасиетті Мерғаламның бойынан табылды . Көзі тірісінде аты төрткүл дүниеге мәлім болған, Республикадан тыс көршілес Ресей мемлекетіне аты шыққан қасиетті адамның біздің ауылымыздын тумасы болғанына мақтанамыз. Осындай ғұлама адамның, еліміздің үлкен мақтанышы бола білген, қазіргі таңда аулымызға есімі берілген жанның жүрегі 1985 жылы 51 жасында мәңгілікке тоқтады . Жүрек тоқтады, дегенмен рухы, емі, қасиеті әлі талай жылдар санадан жоғалмайтыны сөзсіз. Соңынан оның алдынан қайтқан жүздеген адамдар, одан да көп аңыз, ғылым үшін Адам табиғатының ашылған тағы бір құпиясы қалды. Жақсылығын, емін көрген соңындағы ұрпақ Мекеннің есімін ұрпақтан-ұрпаққа жүректерінде сақтап жүретіні анық.
                         
шаблоны для dle 11.2
Вернуться назад