Главная > новости > "Семей қасыреті"
"Семей қасыреті"27-08-2021, 16:35. Разместил: Admin |
"1989 жылдың қара күзінен бері Ертіс жағасында мүлгіген тыныштық орнады.
Бұл күн семейліктер үшін - ерекше қуаныш. Сол мереке жайында Абыралы тумасы , менің жерлес те жеделдес інім, алпыс жасқа да жете алмай, полигон дертінен шейіт болған Сейітқали Қалыбекұлы артына мынадай өсиет-өлең қалдырған...
Айтпа сен, атом жайын, сырын маған,
Айтпа, қаншама қырылды адам!
Мен жанмын жарылыстан жапа шеккен,
Жерім бар жараланған, жырымдалған.
Айтпа сен, атом жайын, жарылысты,
Атомнан атамекен жалын құшты.
Айырылған қосағынан арулардың,
Боламын естігендей зарын күшті.
Айтпа сен, атом-ажал, атамашы,
Жаныңа тауқыметі бата ма шын?
Ботадай боздап қалған балалардың,
Жарылыс жалмап кеткен ата-анасын.
Саралап, салған ізін сұрыптайық,
Ажалдың аузын мәңгі құлыптайық!
Рухтары марқұмдардың разы болса,
Атомның құрбандарын ұмытпайық!..
... жеті қарлығаш жеті жебеушіге айналып, Ертіс атырабындағы елдің тыныштығына нұсқа болсын деген үкілі үміт те содан өрбіген..."
Медеу Сәрсекенің "Семей қасыреті" кітабынан
Вернуться назад |