Главная > новости > «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» Шарбақты ауылдық кітапханасы
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» Шарбақты ауылдық кітапханасы1-10-2021, 11:15. Разместил: Admin |
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Соған орай Шарбақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауылымыздың құрметті апаларымыз бен аталарымызды құттықтап кітапхана атынан шағын сыйлықтар табыс етілді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Вернуться назад |