Главная > новости > "Менің анам- ең жақсы адам" Черное ауылдық кітпханасы.
"Менің анам- ең жақсы адам" Черное ауылдық кітпханасы.7-03-2022, 17:26. Разместил: Admin |
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Черное ауылдық кітпханашысы мен клуб әдіскері бірлесіп " Менің анам- ең жақсы адам" атты мерекелік іс-шара өткізді. Ауыл әкімі С.Н Ерлан сөз сөйлеп аналар мен қыздарды мерекемен құттықтады.Балалар өз аналарына тақпақтар шығарып, өлеңдер айтты.Түрлі би биледі. Іс-шара соңында сыйлықтар таратылды.
Вернуться назад |