Главная > новости > Малыбай ауылдық кітапханасында Тоқпай Жұмағұловтың 140-жылдығына арналған "Тағдыр тудырған ән" атты еске алу кеші өтті.
Малыбай ауылдық кітапханасында Тоқпай Жұмағұловтың 140-жылдығына арналған "Тағдыр тудырған ән" атты еске алу кеші өтті.28-02-2022, 17:11. Разместил: Admin |
Малыбай ауылдық кітапханасында Тоқпай Жұмағұловтың 140-жылдығына арналған "Тағдыр тудырған ән" атты еске алу кеші өтті.
Т. Жұмағұлов 1882 ж. Кереку уезінің Сейтен болысына қарасты Бөрлі ауылында дүниеге келген. Тоқбайдың руы - уақ, азан шақырып қойған есімі Жүсіп екен. Әншілікке атасы баулыған, ол жас шағынан атасымен бірге Бесқарағай өңірінің Сейтен, Бөрлі, Малыбай, Есілбай ауылдарын аралап ән салады. Тоқбайдың әншілік дабысы туған жерінен асып, Ресейдің Новосібір, Кемер, Алтай өңірлерін жайлап отырған қазақтарға жетеді.
1935 ж. Тоқбай Бурят елінде, Улан-Удэ филармониясында әнші болып қызмет етеді. Осы филармонияда 1938 жылға дейін істеген тәрізді. Елге тек 1939 жылы оралды. Осы жылы Тоқбайды Ж. Елебеков Алматыға алдырып, қазіргі Жамбыл атындағы филармонияға жұмысқа тұрғызған. Бірақ басшылық жағдай жасамай күйі қонды болмаған Тоқбай еліне қайтып кетеді...
Әнші 1964 жылы 82 жасында қайтыс болды.
Вернуться назад |