Главная > новости > Шабар ауылдық кітапханасы оқырман назарына "Әлемге әйгілі М.Әуезов"атты вертуалды көрме ұйымдастырылды.

Шабар ауылдық кітапханасы оқырман назарына "Әлемге әйгілі М.Әуезов"атты вертуалды көрме ұйымдастырылды.


17-10-2022, 12:30. Разместил: Admin
Шабар ауылдық кітапханасы оқырман назарына "Әлемге әйгілі М.Әуезов"атты вертуалды көрме ұйымдастырылды.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа.
Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
                             
шаблоны для dle 11.2
Вернуться назад